Жарқ еткен жарқын бейне: Павлодарлық театрда талантты актерды еске алу кеші өтеді
Бұл кеште ұжымы, замандастары мен достары оның өмірі мен өнер жолын еске алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Биыл талантты актер, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының ардақты өнерпазы Бекболат Оқасов тірі болғанда 50 жасқа толар еді.
– Өнерге адал, сахнаға шын берілген, жүрегі нәзік те, жалынды талант иесі болған Бекболат Оқасовтың есімі әріптестері мен көрермендерінің жүрегінде мәңгі сақталады. Өнерпазға деген сағыныш ешқашан өшпек емес, – деді театр ұжымы.
Еске алу кеші Ж.Аймауытов театрында 4 қазан күні сағат 12:00-де басталады.