Павлодардарлықтардың қаншалықты адал екенін жасырын камера түсірді

Павлодардарлықтардың қаншалықты адал екенін жасырын камера түсірді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп сақшылары адамгершілікке бағытталған әлеуметтік эксперимент өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Шара барысында тұрғындардың адамгершілігі мен адалдығы тексерілді. Халық көп шоғырланған орындарда ер адам әдейі әмиянын «түсіріп» алады. Осы сәттегі тұрғындардың әрекеттері жасырын камера арқылы бақыланды. Әрбір өткен азамат бейжай қалмай, көмектесуге тырысты.

Сіздер сенбейтін шығарсыздар, бірақ адамдардың 100 пайызы түскен әмиянға бейжай қараған жоқ. Әмиянды иесіне қайтарған барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз, – дейді блогер Исламбек Әлжанов.

Эксперименттің басты мақсаты – тұрғындарға басқа адамның мәселесіне бейжай қарауға болмайтынын, әр адамның белсенді азаматтық ұстаным танытуы керектігін жеткізу.