Асайын Байханов Отанды қорғап жатқан әйелдер қауымын құттықтады
Аймақ басшысы мерекемен құттықтай отырып, оларға мықты денсаулық, отбасылық амандық пен жақсылық тіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі Instagram желісіндегі парақшасында өңірдегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтау ісіне өз үлестерін қосып жатқан Отан қорғаушы әйелдерді құттықтады.
– 7 мамырда, біз әдеттегідей ер адамдарды құттықтаймыз, алайда, Отанды қорғау - ер мен әйел деп бөлінбестен әрбіріміздің қастерлі борышымыз. Қазақ даласының батыр қыздары мұны бірнеше мәрте дәлелдеді. Қымбатты әйелдер қауымы, еліміздің тәуелсіздігін, шекарасын, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы адал да жанқияр қызметтеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!– деп атап өтті Асайын Байханов.
Еске сала кетейік, облыс әкімі Отан қорғаушылар күніне орай өткен мерекелік концертте әскери қызметкерлер марапатталған болатын.