Павлодардағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде үш ауданның өнімі сатылады
Дәстүрлі жәрмеңке 20 мамыр күні өтеді, деп хабарлайды @Pаvlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы ауыл шаруашылық басқармасының мәлімдеуінше, бұл Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылуда. Жәрмеңке Павлодар қаласында 20 мамырда Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы) "Jailau" базарында өтеді.
- Жәрмеңкеде ет өнімдері, балық, сүт өнімдер, азық түлік және т.б тауарлар сатылымға шығарылады. Онда Тереңкөл, Павлодар, Аққулы сияқты ауылдық аудандардың және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады, - делінген хабарламада.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы:
Жылқы еті – 2300-2500 теңге/кг (қазы-2500 теңге/кг, жайа-2500 теңге/кг, төс еті - 2300 теңге /кг, антрекот-2300 теңге/кг), сиыр еті -1900-2100 теңге/кг (жұмсақ еті -2100 теңге/кг, антрекот -1900 теңге/кг, қабырға- 1700 теңге/кг, төс еті-1900 теңге/кг), қой еті-1900-2100 теңге/кг (алдыңғы бөлігі- 1900 теңге/кг, артқы бөлігі - 2100 теңге/кг), шикі сүт – литріне 190 теңге, 1 санаттағы жұмыртқа - 370-420 теңге/оннан бастап, бал - 2000 теңге/кг, тазартылмаған күнбағыс майы-700-780 теңге/л, жоғары сұрыпты ұн- 200 теңге/кг, картоп, сәбіз – 95 теңге/кг, қырыққабат - 120 теңге/кг.