Павлодардағы екі шағын ауданда кешке дейін жарық болмайды
Онда электр желісіне жөндеу жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді.
29 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін электр энергиясы Хромзауыт және Лесозавод шағын ауданындағы тұрғын үйлерде болмайды.
Сонымен қатар, ертең екінші Павлодардағы төрт көшеде де түске дейін жарық болмайды.
- Электр желісіне жөндеу жұмыстары жүргізілуіне орай Днепропетровская - Щедрина - Алтайская - Геринга көшелері алаңындағы тұрғын үйлерде электр энергиясы берілмейді, - делінген хабарламада.
Мұнда жарық 9:00-ден 12:00-ге дейін өшіріледі деп жоспарлануда.