Павлодарда қайта өңделген аккумуляторлардың жылдық көлемі үш есе ұлғайды
«Тандем-ПВ» ЖШС кәсібін дамыту үшін мемлекеттік қолдауға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, компанияға 2017 жылдан бастап пайдаланылған аккумуляторлық батареяларды қайта өңдеу және қайталама полипропиленнен кәріз құбырларын өндіру бойынша жобаны іске асыру үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кредит бойынша ішінара кепілдік берілген.
– Нәтижесінде кәсіпорын құрылыс-монтаждау жұмыстарына қажетті шикізат пен материалдарды сатып алды. Жұмыс істеу кезеңінде қайта өңделген аккумуляторлардың жылдық көлемі үш есеге – үш мың тоннаға дейін ұлғайды, – деді басқармада.
Кәсіпті дамытуға мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алу үшін Павлодар қаласы, Бұқар жырау көшесі, 109 (тел: 70-38-02, 70-38-09) мекенжайы бойынша «Даму» қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады.