Павлодардағы колонияларда ең жиі оқылатын кітаптар қандай
Облыстағы бес түзеу мекемесінің әрқайсысында өзінің жеке кітапханасы бар. Оларда әртүрлі жанрдағы 28 мыңнан астам кітап бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Дәулет Ысқақовтың айтуынша, сотталғандар кітап оқуға ерекше уақыты арнайды.
– Ең танымалы кітаптар қатарында – классиктер, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Федор Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» сияқты шығармалары бар, – деді Дәулет Ысқақов.
Оның айтуынша, барлық әдебиеттер колония есебінен сатылып алынса, кейбір кітаптарды қала тұрғындары арнайы алып келеді. Соңғы үш жылда павлодарлықтардың жеке кітапханаларынан шығармаларды сыйға тарту жағдайлары бірнеше орын алған. Бұл істе облыс кітапханалары да көмектесуде.
Барлық кітаптар мен мерзімді басылымдар тексеріледі. Мәселен, зорлық-зомбылыққа, діни өшпенділікке шақыратын шығармалары бар кітаптар қабылданбайды. Діни кітаптар да тыйым салынған әдебиеттер қатарына жатады.
– Колониядағы сотталғандар көп кітап оқиды, – дейді Дәулет Ысқақов. – Сотталғандардың арасында бас бостандығынан айырылғаннан кейін алғаш рет оқуға кітап алған жағдайлар да бар.
Айта кетелік, Павлодар облысында қылмыстық-атқару жүйесінің бес мекемесі бар. Олар № 63 мекеме немесе тергеу изоляторы, № 44, 47 қауіпсіздігі ең төменгі мекемелер мен № 45 және 46 қауіпсіздігі орташа екі мекеме бар.