Павлодардағы жағажайда жөндеу жұмыстары ішінара басталды

Павлодардағы жағажайда жөндеу жұмыстары ішінара басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жағалаудағы балалар бассейнінің ескі жабыны ауыстырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков мәлімдеді.

- Жағажай маусымына дайындық барысын тексердім. Облыс әкімі  жазғы демалыс кезеңінде тұрғындарға сапалы әрі қауіпсіз жағдай жасауды тапсырды. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары басталды. Негізгі кезең өзен суы тартылғаннан кейін қолға алынады, - деді ол.

Шаһар басшысы жоспарға сәйкес, саңырауқұлақ үлгісіндегі көлеңкелі құрылғылар жаңартылып, сырлау жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Бұдан бөлек, осы жазда ауызсу ағатын субұрқақтар, киім ауыстыратын орындар мен көлеңкелі шатырлар толықтай жұмыс істейтін болады. 

- Су қайтқан соң көлеңке түсіретін ағаш құрылғылардың қамыстан жасалған шатырлары ауыстырылып, жағажайға жаңа құм төселеді және қажетті қауіпсіздік белгілері орнатылады. Бұдан бөлек, балалар бассейнінде ескі жабын алынып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деді Хасар Хабылбеков. 

Қала әкімі жауаптыларға барлық жұмысты маусым басталғанға дейін аяқтап, жазғы жағажай демалысы кезеңінде тұрғындарға жайлы