Павлодардың өткені мен бүгіні бір көрмеде тоғысады

Павлодардың өткені мен бүгіні бір көрмеде тоғысады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Экспозиция қала тарихын жаңа қырынан танытады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала күніне орай 16 шілде сағат 11:00-де Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Павлодар – біз сүйетін қала» атты көрме ашылады.

Келушілер шаһардың қалыптасу тарихынан сыр шертетін музей жәдігерлерін тамашалап, Павлодардың ерекше келбетін тұрғындардың көзімен бейнелеген фотожобамен таныса алады. Суреттерде қаланың көшелері, Ертіс жағалауы, сәулеті мен тұрғындарына деген ыстық ықылас көрініс тапқан.

Көрме Павлодардың тарихы мен бүгінгі тынысын жаңа қырынан таныстырып, қалаға деген сүйіспеншілікті сезіндіреді.