Президент Юрий Поминовті мерейтойымен құттықтады

Президент Юрий Поминовті мерейтойымен құттықтады
Фото: Валерий Бугаев

Мемлекет басшысының құттықтау хатын облыс әкімі Асайын Байханов табыс етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті «Құрмет» орденінің иегері, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, танымал павлодарлық жазушы Юрий Поминовті 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, оның еліміздегі демократиялық құндылықтарды нығайтудағы еңбегін атап өтті.

«Сіз отандық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына айтарлықтай үлес қостыңыз. Сіздің басшылығыңызбен «Звезда Прииртышья» облыстық газеті Қазақстандағы демократиялық дәстүрлерді нығайтуда маңызды рөл атқарды. Сіз көпшілікке кәсіби маман ретінде және азаматтық ұстанымы берік адам ретінде танымалсыз. Сіздің кітаптарыңыз оқырмандарға жоғары моральдік құндылықтарды, туған жерге деген сүйіспеншілікті оятады. Сіздің шығармашылық белсенділігіңіз біздің еліміздегі мәдени-гуманитарлық саланың дамуына ықпал ететініне сенімдімін», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Асайын Байханов  жазушыны мерейтойымен құттықтап, оған облыстың әлеуметтік-мәдени дамуына және әлеуметтік-саяси өміріне баға жетпес үлес қосқаны үшін алғыс білдірді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов және Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр  да  ізгі тілектерін жолдады.