Павлодардың шыршалары күзетке алынды

Павлодардың шыршалары күзетке алынды
Фото: pixabay.com/SSidde

Өңірде жас қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуден қорғау мақсатында «Шырша» қорғау акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Іс-шара 1-31 желтоқсан аралығында «Ертіс орманы» резерваты аумағында өтеді. Акция аясында құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ негізгі жолдарда тәулік бойы бақылау жүргізілетін арнайы бекеттер қойылады.

Мамандар барша тұрғындарды заң бұзушылыққа жол бермеуге шақырады. Сонымен қатар, егер сіз қандай да бір құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз, 8 (7182) 78-77-32 немесе «102» нөмірлеріне хабарласып, жағдайды баяндап беруді сұрайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін орманшылар қысқы мезгілде қандай жануарларға аңшылыққа шығуға болатынын айтқан болатын .