Екібастұздықтар саябақта ағаш отырғызды

Екібастұздықтар саябақта ағаш отырғызды
Фото: Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы ұсынды

50-ден астам тұрғын экологиялық акцияны қолдап, тазалыққа өз үлестерін қосты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Таза Қазақстан: Жасыл аймақ» республикалық экологиялық акциясы аясында Екібастұз қаласының интернационалист-жауынгерлер паркінде сенбілік өтті. Аталмыш шара республикалық акцияны халық арасында насихаттау, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. 


Ардагерлер, депутаттар, этномәдени бірлестіктер, спортшылар, жастар және қала еріктілері 100 көшет отырғызды.