Павлодардың бірқатар үйінде су беру уақытша тоқтатылады
Қаланың бір бөлігінде сумен қамту желісіндегі жапқыш арматураны ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыстар Ак. Сәтбаев көшесі, 50 мекенжайында жүргізіледі.
Су тоқтату кестесі 13 желтоқсан күні сағат 9:00-ден басталып, 14 желтоқсан күні таңғы сағат 4:00-ге дейін жалғасады.
Сумен қамту уақытша тоқтатылатын мекенжайлар:
- Ак. Сәтбаев көшесі, 42, 44, 46, 50, 104;
- Қайырбаев көшесі, 32;
- Астана көшесі, 57, 59, 61.
Қызмет көрсетуші мекеме тұрғындардан осы мәжбүрлі қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және су қорын алдын ала жинап алуды өтінеді.