Павлодардың орталық жағалауында тұрғындар өз мәселелерімен бөлісті
Мемлекеттік органдардың басшыларына жүзден астам адам жүгінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін орталық жағалауда тұрғындарды өзекті мәселелері бойынша қабылдау өтті.
– Әрбір тұрғын өзінің мәселесін айтып, сұрағын қойып, ұсыныстарын білдірді. Қабылдауға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, ТҮКШ, спорт, Полиция, Әділет департаменттері қатысты, – дейді баспасөз орталығында.
Өтініштердің көпшілігі аумақтарды абаттандыру, үйлерін жылу беру маусымына дайындау, пәтер иелерінің кооперативіне шағымдар сияқты маусымдық сипатта болды.
Сондай-ақ, өтініштердің негізгі бөлігі жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жұмысқа орналастыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, 1-сыныпқа қабылдау, балабақшаларға орналастыру болды.
Барлық сұрақтар бойынша тұрғындарға түсініктемелер берілді.
Естеріңізге сала кетейік, облыс тұрғындары қабылдауға e-gov порталы, E-otinish.kz немесе әкімдіктің +7(702)166-16-61 WhatsApp желісі арқылы жазыла алады.