Павлодарлық құтқарушылар ант қабылдады
Іс-шара мәңгілік отқа гүл шоқтарын қоюдан және бір минут үнсіздіктен басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Департамент қызметінің қатарына өрт сөндірушілер, құтқарушылар болуды таңдаған жиырма бес сарбаз өз Отанына адал қызмет етуге ант қабылдады. Олардың әрқайсысы үшін бұл өмір жолындағы саналы таңдау болып табылады.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Рустамбек Әмрин қызметкерлердің басқарманың даңқты дәстүрлерін сақтай және арттыра отырып, төтенше жағдайға тап болған адамдарды қорғауға және құтқаруға әрқашан дайын тұратынына сенім білдірді.
Жас өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды қарсы алған Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бірінші басшысы Болат Сержанов пен ардагерлер кеңесінің төрайымы Кәкима Асқарова қиын да абыройлы кәсіпте табыс тіледі.
Ант беру рәсімі әскери оркестрдің үнімен салтанатты шерумен аяқталды.