Павлодарлық құтқарушылар балаға көмектесті
Бес жасар қыз ойын алаңында жарақат ала жаздады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми telegram-каналы мәлімдегендей, қала аулаларының бірінде баланың аяғы балалар алаңындағы әткеншекте қыстырылып қалды.
Құтқарушылар аспалы құралдың көмегімен баланы шығарып алды. Қыз зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес.