Павлодарлық құтқарушылар дауыс зорайтқышы бар дрондарды қолдана бастады

Павлодарлық құтқарушылар дауыс зорайтқышы бар дрондарды қолдана бастады
Фото: Облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Жыл басынан бері су айдындарында 13 ересек және 6 бала құтқарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД дауыс зорайтқыш құрылғылары бар дрондармен толықтырылды. Енді құтқарушылар әуеден мониторинг жүргізіп қана қоймай, демалушыларға қауіпсіздік ережелері туралы қашықтан хабарлай алады.

Сонымен қатар бұл құрылғылар су айдындарында ересектердің қарауынсыз жүрген балаларды анықтап, оқыс оқиғалар кезінде жедел әрекет ете алады. 

– Жыл басынан бері құтқарушылар 121 адамның өмірін құтқарып қалды, оның ішінде он бала бар. Тек Баянауыл ауданында туристік маусым басталғалы 24 адамға көмек көрсетілді, олардың 6-ы таулы, қол жетімсіз аймақтардан эвакуацияланды, — деді ведомство қызметкерлері.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап департамент қызметкерлері туристер көп шоғырланатын және су айдындарының маныңда тәуліктік кезекшілік ету форматына көшті. 

Құтқарушылардың жұмыстарын тиімді ету мақсатында оларды заманауи техника және жабдықтармен қамтамасыз етті. Атап айтқанда, құтқару қайықтары, квадроциклдер мен жол талғамайтын көліктер, кинологиялық есептер және арнайы құтқару жабдығының жиынтықтары.

– Қосымша ретінде құтқарушыларға арнайы шорты, гидрофутболка, бас киім, суға арналған аяқ киім, құтқару желетiнен тұратын жазғы форма сатып алынды. Бұл құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде суда жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, – деп пайымдады мекеме қызметкерлері.

Ведомство жұмысшыларының сөзінше, заманауи технологияларды қолдану және материалдық-техникалық базаны үнемі жаңарту құтқарушыларға халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиімді орындауға мүмкіндік береді.