Павлодарлық құтқарушылар ер адамға көмек көрсету үшін балкон арқылы пәтерге кірді

Павлодарлық құтқарушылар ер адамға көмек көрсету үшін балкон арқылы пәтерге кірді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қысымы көтерілген тұрғын жуынатын бөлмеде қалып қойған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«112» пультіне Назарбаев даңғылы бойында орналасқан үйлердің бірінде 49 жастағы ер адам кенеттен ауырып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оның қысымы күрт көтерілген. 

– Мекенжайға келген қызметкерлер жағдайды жедел бағалады. Есік ішінен құлыпталғандықтан, құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен алтыншы қабаттан бесінші қабатқа түсіп, балкон арқылы пәтерге кірді. Құтқару құралын пайдаланып, олар кептеліп қалған жуынатын бөлменің есігін ашып, ер адамды дәрігерлердің қарауына берді, – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.

Департамент денсаулығы нашарлаған жағдайда медициналық көмекке жүгінуді кейінге қалдыруға болмайтынын еске салады.