Павлодарлық қылқалам шеберінің мерейтойына орай көрме ашылмақ
Жұмыстар кескіндеме стилінде қойылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
14 мамырда сағат 16:00-де Н.Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде павлодарлық суретші Әнуар Игембаевтың дербес мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда суретшінің 60-қа жуық туыныдысы ұсынылады.
Ұзақ жылдар бойы Әнуар Игембаевтың кескіндемесі шығармашылық ортада танымал болып келе жатыр. Кәсіби жолының бастауы Гоголь атындағы әйгілі Алматы көркемсурет училищесінің негіздерін табысты меңгеруімен байланысты. Бұл училищеде Қазақстанның ең мықты суретшілері сабақ берді. Әнуар Игембаев аталмыш оқу орнын 1977 жылы аяқтады. Оның ұстаздары Амандос Ақанаев, Марис Хитахунов, Борис Пак болды. Сол кезден бастап суретші Павлодар қаласында жұмыс істеп, туған жерінің бейнесін жұмыстарында бейнелеген.