Ақсуда оқушыларға құқықтық сабақтар өтті

Ақсуда оқушыларға құқықтық сабақтар өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кездесу мектептерде ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу қаласында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор 9–11-сынып оқушыларымен кездесті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын түсіндіру болды.

Кездесу барысында оқушыларға түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде жүргені үшін жауапкершілік, сондай-ақ ұсақ бұзақылық ұғымы мен оның салдары жан-жақты түсіндірілді. Инспектор нақты мысалдар келтіріп, қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік шараларына тоқталды.

– Әңгімелесу барысында оқушыларға кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін жауапкершілікті егжей-тегжейлі түсіндірдім. Мұндай бұзушылықтардың жасөспірімдердің өздері үшін де, олардың ата-аналары үшін де мүмкін болатын салдарына ерекше назар аударылды, – деді Ақсу қаласы ПБ ювеналды полиция тобының инспекторы Рауангүл Қуан.

Инспектордың айтуынша, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасауы мүмкін ұсақ бұзақылық фактілері де түсіндіріліп, тәжірибеден нақты мысалдар келтірілген. Ол қолданыстағы заңнамада мұндай әрекеттер үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын да атап өтті.

Кездесудің бір бөлігі көшеде және мектеп ішінде құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналды. Оқушыларға мінез-құлық нормаларын сақтау, өзара құрмет және жанжалдан аулақ болу қажеттігі еске салынды.

Сонымен қатар, алаяқтық тақырыбы да қозғалып, интернет пен телефон арқылы жасалатын алдау тәсілдері туралы ақпарат берілді. Оқушыларға мұндай жағдайларға тап болмау үшін сақтық шаралары түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушыларға пайдалы кеңестер мен байланыс деректері көрсетілген арнайы жадынамалар таратылды.