Павлодарлық әскери бөлімдер тексерістен өтуде

Павлодарлық әскери бөлімдер тексерістен өтуде
Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов бастаған арнайы комиссия алғашқы тексеру жұмыстарын 5512 әскери бөлімінен бастады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Шығыс»  өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, төрт жылда бір келетін кешенді тексерісте Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби біліктіліктері сынға түсуде.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы  инспекторлық тексерістен өтуде. Басты мақсат – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жауынгерлік  жай-күйін, әскери қызметшілердің  кәсіби қабілеттерін  анықтау, – деді баспасөз қызметінде.

Тексеріс барысында  әскери қызметшілер оқу-жаттығу, тактикалық, дене және атыс даярлығы, мемлекеттік құқықтық дайындық, әскери топография және басқа да негізгі пәндер бойынша сынақ тапсырады.