Павлодарлық аңшылықтанушылар 150 центнер шөп дайындады

Павлодарлық аңшылықтанушылар 150 центнер шөп дайындады
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

Жануарлардың қыста азық тапшылығын сезінбеуі үшін жем-шөп салынып, тұздар жеткізілуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Табиғатты қорғау – әрбіріміздің міндетіміз. Аңшылықтанушылар күзет және биотехниялық іс-шаралар кешенін атқаруда. Бұл маңызды іс-шаралар жануарлардың тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, экожүйенің тепе-теңдігін сақтауға бағытталған, – дейді «Ертіс орманы» резерватында. 

Қысқы азықтандыру жұмыстары аясында 150 центнер шөп пен 2000 келі тұз дайындалды, 3000 дана азықтық сыпырғыш әзірленді,   32 га жем-шөп алқаптары егілді. 

Резерват аумағында сүтқоректілердің 40 түрі және құстардың 39 түрі мекен етеді. Қорық аумағында бұлан, елік, қасқыр, қоян, түлкі, сілеусін, қарсақ, борсық, тиін, құр, шіл мекендейді. 

Еліміздің Қызыл кітабына енген келесі жануарлар мен құстар мекендейді: орман сусары  – 100 дарақ, бүркіт  – 94 , безгелдек  – 147, үкі  – 104, ителгі – 86, бұлан – 271 дарақ, сібір елігі – 926 дарақ, сілеусін – 75 дарақ. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл сілеусіндердің 23 дараққа көбейгені байқалады. Борсықтардың саны өткен жылмен салыстырғанда 176 дараққа өсіп, 626-ға жеткен.