Павлодарлық «аманаттықтар» цифрландыруға үлес қосуда
Тың бастама Павлодар тұрғындарын қағазбастылықтан арылтуға көмектеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
AMANAT партиясы Павлодар қалалық филиалының өкілдері Павлодар тұрғындарының ең көп жиналатын автобус аялдамаларында QR-кодтарын орналастырды. Солар арқылы партияның қалалық филиалына тікелей хабарласып, мұң-мұқтаждарымен бөлісуге болады.
- Бізге әлеуметтік желілер, телефон және филиалға жүгіну арқылы көптеген адамдар хабарласып жатады. Бұл жұмысты оңтайландыру үшін біз осындай қызметті іске қосуды жөн көрдік. Бұл партияның ашықтығына, цифрландыруға үлес қосып, павлодарлықтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге жол ашады, - дейді AMANAT партиясы Павлодар қалалық филиалының атқарушы хатшысы Санира Жүсіпова.
Жыл басынан бері AMANAT партиясы Павлодар қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне 451 өтініш келіп түсті. Олардың 146-сы немесе 32 проценті оң шешілді.