2 шілдеде Павлодар облысында жаңбырлы ауа райы сақталады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +18...+23°C болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Күндіз ауа температурасы +28...+33°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +18...+20°C болады. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз сынап бағанасы +31...+33°C дейін көтеріледі. Ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.