Павлодарлық Антикор проблемалық нысандарды бақылауға алды
Облыста мұндай нысандардың саны – он, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, елімізде 156 проблемалық әлеуметтік нысан болса, оның 10-ы Павлодар облысында орналасқан.
Оның ішінде Ақсу қаласындағы Хиуаз Доспанова көшесі, 34 мекенжайы бойынша орналасқан тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үй мен қалалық жылыту қазандығы, Павлодар қаласындағы авиақалашық, «Сарыарқа» шағын ауданындағы № 28 тұрғын үй, сондай-ақ Баянауыл ауданындағы су құбырларының құрылысы бар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылыс барысын тиімді бақылау үшін жергілікті атқарушы органдармен және жұртшылықпен бірлесіп, жұмыс барысын тексереді. Сондай-ақ аталған объектілерді салу мен жөндеуді іске асыру барысын өңірдің қоғамдық ұйымдары да бақылауға алады.