Павлодарлық ата-аналар заманауи тәрбиелеу тәсілдерімен танысты

Павлодарлық ата-аналар заманауи тәрбиелеу тәсілдерімен танысты
Суретті Оқушылар сарайы ұсынды

Отбасында үйлесімді қарым-қатынас орнатқысы келетін жандар бас қосты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында ата-аналарға арналған «Позитивті ата-ана» тақырыбында ерекше тренинг өтті. Шараға балаларын жақсы түсініп, отбасында үйлесімді қарым-қатынас орнатқысы келетін ата-аналар жиналды.

Қатысушылар тренингтің өздерінің ата-ана ретіндегі тәжірибесінде маңызды қадам болғанын атап өтті. Тыңдаушылар тәрбиенің заманауи тәсілдерімен, балаларды ынталандырудың тиімді құралдарымен және отбасында эмоциялық байланысты нығайту жолдарымен танысты. Практикалық жаттығулар мен өз эмоциялары бойынша жұмыс көптеген ата-аналардың тәрбиедегі дәстүрлі әдістеріне жаңаша қарауына және балаларымен қарым-қатынастың жаңа жолдарын табуына көмектесті.

–     Тренингте отбасыдағы сенімді қарым-қатынасты дамытуға ерекше көңіл бөлінді, – деп атап өтті әдістемелік бөлім меңгерушісі Бағлан Ашенова.

Ал психологиялық қолдау аймақтық орталығы басшысының міндетін атқарушы Валентина Шамшутдинова позитивті ата-ана тәрбиесі ата-аналар мен балалардың ішкі ресурстарын нығайтуға қалай ықпал ететіні туралы айтты.

Ата-аналар мұндай баланың тәрбиесіне қатысты пайдалы іс-шараға қатысу мүмкіндігі ұсынылғаны үшін алғыстарын білдірді.