Павлодарлық бүлдіршіндер әшекей жасаудан сынға түсті

Павлодарлық бүлдіршіндер әшекей жасаудан сынға түсті
Фото: Павлодар қызмет көрсету салалық колледжі

Облыстық байқауда алты бала бақ сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Павлодар қызмет көрсету салалық колледжінде аймақтық «BabySkills Pavlodar» байқауы өтті. Чемпионатқа бастауыш сынып оқушылары қатысты. 

Чемпионаттың мақсаты – кіші сынып оқушыларының әртүрлі мамандықтармен танысып, өздерін сол салада сынап көруіне, кәсіби дағдыларды меңгеруде бәсекеге түсуіне мүмкіндік беру. Байқау барысында бүлдіршіндер «Шаш қыстырғыш» жасады. 

Іс-шараға №21 мектептің 3-сынып оқушысы Айзере Ерсайынова, №36 мектептің 3-сынып оқушылары Әлсафи Нұрлан, Нармина Бекпалова, Далида Төлеген қатысты. 

Сондай-ақ, Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылы мектебінің оқушылары Светлана Ситникова мен Рафаил Валиев қатысты. 

Айта кету керек,  Рафаил байқаудағы жалғыз ұл бала екеніне қарамастан басқа қатысушылармен бірдей жұмыс істеген.