Павлодарлық биші республикалық сайыста жеңімпаз атанды

Павлодарлық биші республикалық сайыста жеңімпаз атанды
Фото:pixabay.com

Байқау үш кезеңнен тұрды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайының «Блэйз» эстрадалық би студиясы Алматы қаласында өткен «FANTASTIC TALENT» республикалық би-шығармашылық конкурсына қатысты. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жас бишілер хореография, театр және би бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Елдің танымал хореография профессорлары қойылымдарға баға берді.

Конкурс қортындысы бойынша «Блэйз» эстрадалық би студиясының тәрбиеленушісі Ксения Савельева «Заманауи би» номинциясы бойынша бірінші орынға ие болды.

– Байқау үш кезеңді қамтыды. Оның басты мақсаты – балалар шығармашылығын дамыту және насихаттау. Жалпы ұйымдастырушылық деңгейі жоғары болды, – деді студия жетекшісі Любовь Корнюхина.

«Event Академия Счастья» ұйымдастырушылары «Блэйз» эстрадалық би студиясының жетекшісі Любовь Корнюхинаға Алғыс хат табыстады.