Павлодарлық екінші ауысым мектеп оқушылары үйден оқиды
Барлығы ауа райына байланысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы қалалық білім беру бөлімі хабарлады.
- 11 ақпан күні ауа райының тұрақсыздығына және қолайсыздығына байланысты Павлодар қаласының барлық мектептерінің екінші ауысымдағы оқушылары қашықтықтан оқу форматына ауыстырылды, - делінген ресми хабарламада.
Оған дейін бірінші ауысым оқушылары үйден оқу форматына көшірілген еді.
Ауа райының жағдайына байланысты 11 ақпанда Павлодарда Абай облысы шекарасына дейінгі жолдар жабылған болатын.