Павлодарлық оқушы республикалық Абай оқуларында жүлдеге ие болды

Павлодарлық оқушы республикалық Абай оқуларында жүлдеге ие болды

Жан Әділов конкурсқа Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңін жатқа оқыған бейнематериалын ұсынды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, байқауды республикалық оқу-шығармашылық «Akberen Education» журналы ұйымдастырды. Оған Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы «Бірлік» бөлімшесінің тәрбиеленушісі, № 26 ЖОМ 4-сынып оқушысы Жан Әділов қатысты. 

Байқаудың қорытындысы бойынша Жан Әділов жүлдегер атанып, ІІ орынды иеленді. Диплом және «Akberen Education» журналының редакциясы атынан сертификатпен марапатталды. 

- Жан «Таңшолпан» үйірмесіне 2022 жылғы қазан айынан бастап қатысады. Ол өте көпшіл, жан-жақты бала, қазақ тілі үйірмесінен басқа, ағылшын тілі үйірмесіне қатысады. Сондай-ақ компьютерлік графикамен айналысады және робототехника үйірмесіне қатысады, - дейді мұғалімі Алтынай Малдыбаева.  

«Бірлік» клубы «Таңшолпан» атты қазақ тілі үйірмесінің жетекшісі Алтынай Малдыбаева Абай оқулары байқауының жүлдегерін дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.