Павлодарлық еріктілер баланы көпшілік арасында жоғалтып алмаудың жолымен бөлісті

Павлодарлық еріктілер баланы көпшілік арасында жоғалтып алмаудың жолымен бөлісті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ата-ана дүрбелеңге салынбау керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Халық көп жиналатын орындарда, түрлі сауда үйлерде балалардың жоғалуы туралы хабарландыру жиі айтылады. Vita іздестіру тобы осыған байланысты бірнеше кеңестер жинады. 

Баланы ашық, жарқын түсті киімдерге киіндіру ұсынылады;

Қалтасына қағазға жазылған өзіңіздің нөміріңізді қалдырыңыз;

Әрдайым балаңызға қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелерін айтып отырыңыз;

Бала сіздің алдыңызда келе жату керек;

Балаңыз сізді сөмкеңіз немесе киімнен ұстағаннан гөрі қолыңыздан  ұстаған дұрыс;

Баланы бес минутқа болса да жалғыз қалдырмаңыз.

Егер бала жоғалып кетсе, айналаңызды қарап шығып, оның есімін дауыстап айқалаңыз. Содан кейін дереу күзетшіге хабарлау қажет. Балаңыздың сыртқы келбетін, киген киім-кешегін дұрыс жеткізуге тырысу керек, не болмаса оның фотосын тауып, көрсетіңіз. 

Сіз өтіп шыққан жолдан кері өтіп шығыңыз. Жоғары аталған әрекеттерден кейін бала 30 минут ішінде табылмаса, 102 нөміріне хабарласып,  полиция шақырыңыз,–  деді еріктілер. 

Бала табылған жағдайда ашуға беріліп, оған ұрысуға болмайды.