Павлодарлық еріктілер мұқтаж отбасыларға кеңсе тауарларын алып берді

Павлодарлық еріктілер мұқтаж отбасыларға кеңсе тауарларын алып берді
Фото: Константин Шелков

Олар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға оқу құралдарын жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Vita» еріктілер ұйымы қайырымдылық ретінде дәптерлер, қаламдар, қарындаштар сияқты кеңсе тауарларын сатып алып,  мұқтаж отбасыларға таратты. 

Еріктілер жасақ атынан акцияға қатысқан жандардың барлығына алғыс білдірді және жаңа оқу жылында балаларға табыс тіледі.