«Saryarqa samaly»-ның жаңа санында: Асқақтай бер, еңселі елорда! Жылыжайлардың жайы қалай?
Облыстық «Saryarqa samaly» газетінің 6 шілде, бейсенбілік нөміріне аңдатпа ұсынамыз
Еліміздің бас қаласы Алатау баурайынан Сарыарқа төсіне көшірілгеніне ширек ғасыр өтті. Осы уақыт аралығында адам танымастай өзгерген Ақмола, қазіргі Астана қаласының келбетін көргенде арманда, көрмегенде арманда. Ширек ғасырда қанатын кеңге жайған арман қаламен болашағын байланыстырып, еліміздің түкпір-түкпірінен келіп жатқан жастар легі толастар емес. Газетіміздің бейсенбілік нөмірінде Астана қаласының 25 жылдығына арналған мерекелік материалдар топтамасы жарық көрді.
Сарыарқаның төрінде бой көтерген сұлу Астананы салуда сәулетшілердің орны бөлек. Жылдан-жылға сән-салтанаты артып, талайдың таңдайын қақтырған бас қаламыздың салынуына атсалысқан азаматтардың бірі – Астана қаласының алғашқы бас жоспары авторларының бірі, ардагер сәулетші Серік Рустамбековпен сұхбатты, сондай-ақ, өнер жұлдыздары – әнші Клара Төленбаева, актриса Айнұр Жүгінісовалардың сыр сұхбаттарын газетіміздің осы нөмірінен оқуға болады.
Дүкен сөрелерінде самсап тұрған Өзбекстан мен Қытайдың көкөністері. Себебі жергілікті шаруалар өңірді көкөніспен, жеміспен толық қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан көрші елдерден әкелінетін өнімдерге сұраныс мол. Отандық экологиялық таза өнім өсіру үшін жылыжай бизнесін дамыту керек. Павлодар облысында жылыжайлар кешендері болғанымен, жергілікті өнімнің бағасы қалта қағады. Мұның сырын басылымның бейсенбілік нөмірінен оқып біле аласыздар.
Газетіміздің кезекті нөмірінде білім, мәдениет, спорт және басқа салаларға қатысты танымдық мақалалар оқырман назарына ұсынылып отыр.
Фото: Константин Шелков