Павлодарлық футболшылар бапкерінен айырылды
Соңғы кездесудегі сәтсіздік триггер болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Футбол клубының ресми хабарламасына сәйкес, «Ертіс» пен команданың бас бапкері Сергей Якушин еңбек келісім-шартын өзара келісіммен үзуге шешім қабылдады. Бұрынғы бапкер өз кезегінде жанкүйерлермен Instagram арқылы қош айтысты.
«Өкінішке орай, сәтсіз матч өткіздік. Ешкімнен тығылғым келмейді, командаға серпіліс керек. Сондықтан отставкаға кеттім. Бұл эмблемаға шын жаны ашитындарға алғыс айтамын. Бұл клубқа барлық адам жан бере қызмет көрсетуі тиіс. Алда «Ертісті» жеңістер күтіп тұр деп сенемін», - деп жазды Сергей Якушин.
«Ертіс» Сергей Якушин басқарған кезде ел чемпионатында тоғыз матч өткізді. Бірінші лигаға шығу үшін командаға Екінші лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясында тек қана бірінші орын алу тиіс.