Павлодарлықтар Сейшел аралдарына бару үшін тартысады
Жолдамалар испан қаласы Кадисте сарапқа салынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бүгін жағажай футболынан әлем чемпионатына іріктеу турнирі басталады. Қазақстан «С» тобына түсті. Біздің құраманың қарсыластары: Португалия, Германия және Эстония болады.
Турнир форматы – 23 команда алты топқа бөлінеді: төрт-төрттен бес топ және үш командасы бар бір топ. Топтарда алғашқы екі орынға ие болған және үшінші орынға ие болған командалардың төрт үздігі 1/8 финалда өтеді. Плей-офф жұптарының жеңімпаздары қайтадан төрт командадан тұратын екі топ құрады, әр топтағы алғашқы екі құрама әлем кубогының финалдық кезеңіне өтеді.
Бірінші матч 4 қазанда өтеді. Қарсылас – Португалия. Матч Астана бойынша 19.45-те басталады. Бұдан әрі 6 қазанда павлодарлық «Арманнан» құралған команда немістермен, ал 8-інде эстондықтармен ойнайды.
– Әрине, біз тырысамыз, бірақ биылғы жылы біздің құрамымыз соншалық мықты емес, - дейді қазақстандық команданың капитаны Дмитрий Перевертов. – «Арманда» ғана емес, буын ауысу жүріп жатыр: бұл құраманың негізгі клубы және бас командаға әсер етпей қоймайды. Қазір бұрынғыдай техникалық-тактикалық база жоқ. Бірақ біз топта кем дегенде үшінші орын үшін күресеміз.
Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2025 жылдың мамыр айында Үнді мұхитында орналасқан Сейшел аралдарында өтеді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Португалияда өткен 2021 жылғы мундиальде ойнаған болатын. Сол кезде біздің команда 21 команда арасында 16-орынға ие болды.