Павлодарлық гитаристер Бүкілресейлік байқауда жүлделі орын алды
Байқау Новороссийск қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
National Instrumental Competition «Soul of Nation» халық аспаптарында орындаушылардың Бүкілресейлік байқауы жыл сайын ұйымдастырылады. Новороссийск қаласында өтетін шара талантты орындаушыларды халық аспаптарында ойнау шеберлігін көрсету және дәстүрлі музыкалық мәдениеттің дамуын қолдау үшін жинайды.
Байқауда солистер, ансамбльдер балалайка, гитара, домра, баян, аккордеон, гусли, жалейка сияқты аспаптарда өнер көрсетеді.
Конкурстық қойылымдар бірнеше жас санаттарында өтеді. Әр санаттың өзіндік бағалау критерийлері бар, бұл қатысушылардың шеберлік деңгейін мүмкіндігінше әділ бағалауға мүмкіндік береді.
Байқау қорытындысы бойынша павлодарлық дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының шәкірттері гитарада ойнап, 4-сынып оқушысы Айша Алпыс пен 2-курс студенті Артем Низевич екінші орын иеленсе, 4-курс студенті Қобыланды Ажбеков үшінші орынды алды
«Soul of Nation» байқауы талантты музыканттарды анықтап, қолдап қана қоймай, өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді.