Павлодарлық каратэшілер қос жүлдемен оралды
Чемпионатқа еліміздің 18 өңірінен мыңнан астам спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңіріміздің каратэшілері карта және тамешивари бойынша ел чемпионатынан, сондай-ақ Талдықорған қаласындағы ерлер мен әйелдер арасындағы киокушинкай каратэден Қазақстан кубогынан марапатпен оралды.
Жарыс қорытындысы бойынша облыс қатысушыларының арасында бірінші орынды Павлодар киокушинкай мектебінің екі тәрбиеленушісі, оның ішінде Павлодар қаласы № 29 мектебінің 8-сынып оқушысы Хафиза Ерқасымқызы иеленді.
Айта кетерлігі, Хафиза Ерқасымқызы Қазақстандағы балалар жылына арналған «Алатау барысы» кекушинкай каратэ бойынша ашық турнирде республикалық турнирдің жеңімпазы, Барнаулда өткен EURASIACUP халықаралық турнирдің ІІІ орын иегері. С.Нұрмағамбетов пен Р. Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған «Айбын-2024» «Шахтер астанасының кубогына» арналған әртүрлі турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері.