Павлодарлық маман әйелдерге бақытты болудың құпиясымен бөлісті

@Pavlodarnews.kz тілшісі павлодарлық әйелдер психологы Айнұр Солтанмен әйел бақыты және отбасы мен жұмыс арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың құпиясы жайлы сұхбаттасты.
Көптеген әйелдер бақыт әртүрлі жағдайларға байланысты деп ойлайды. Негізі бұл себептер мен шарттарда табысты карьера, ауқаттылық, күйеуіңмен арадағы жақсы қарым-қатынас жатыр деп топшылайды.
Америка жазушысы Марси Шимофф отбасы бақыты қас-қағым сәтте екеніне сенімді. Жазушы өзінің «Бақыт туралы №1 кітап» атты еңбегінде отбасы бақытының құпияларын ашады. Ол өзгеріп тұратын жағдайларға байланысты емес, ол адам жанының ерекше күйіне байланысты екенін алға тартады. Ішкі жан тыныштығы, сергектік, сабырлылық, жеңілдік, келісушілік, жан жарасымы – бұл сезім, осыларды әдет секілді дамыту керек. Демек, бақытты әйелдің мінез-құлық ерекшелігін білу керек.
– Әйелдерге осындай сұрақ қойғым келеді: «Сіз соншалықты құдіреттісіз бе? Резеңкесіз бе? Әлде темірсіз бе? Үйде де, жұмыста да бәріне үлгеру үшін сізде көп ресурс бар ма?». Міне, дәл осы кезден бастап, өзіңізге адал, шынайы болыңыз. Көбінесе өзімізге өзіміз жетіспейтінімізді білеміз. Және бұл – қалыпты нәрсе, – дейді психолог.
Маманның сөзінше, әйелде бірден «Сіз үшін не маңызды?», «Мен қай жерде маңыздырақпын? Көбінесе үйде ме әлде жұмыста ма керекпін?» деген сұрақтарға жауап іздеуі керек. Сондай-ақ, «Әйел мен ана ретінде өзіме алмастыруды табу оңайырақ па? Немесе жұмысшы ретінде өзіңізге алмастыру табу оңайырақ па? Менің жаным қай кезде тыныш болады және менің мазасыздығым қашан басылады?» сияқты сауалдарды қойғаны абзалырақ.
– Бүгінде түсінгенім, мен үшін әйелдің бақыты – өзімен байланыста болу және адал болу. Әйел бақыты қоршаған оқиғалар мен адамдармен байланысты емес, өйткені қоршаған әлем үнемі өзгеріп отырады. Алайда, сіздің жаныңыз тыныш болған кезде, кез келген сыртқы оқиға сіз үшін ұсақ-түйекке айналады, – дейді Айнұр Солтан.
Қаншалықты әдеттегідей болып көрінсе де, стресс пен күнделікті өмірге батып кетпеу үшін әйел адам бәрінен және барлығынан демалуға мүмкіндік беруі керек. Әйел мен ана рөлінде адасып қалмас үшін кем дегенде екі сағат бойы жағалауда серуендеуге, кофе ішуге және өткізген уақытынан ләззат алуға мүмкіндігі бар әйел екеніңізді еске алу қажет. Мұны «Мен бәрін жасай аламын. Мен мінсіз әйелмін және анамын. Мен бәріне төземін, шаршамаймын» позициясы арқылы жасау шындыққа жанаспайды, әрі қарай тек сіз шешесіз.