Павлодарлық оқушы физикадан халықаралық олимпиадада қола медальға ие болды

Павлодарлық оқушы физикадан халықаралық олимпиадада қола медальға ие болды

Қазақстандық оқушылар Токиода өткен физикадан халықаралық олимпиадада төрт күміс, бір қола жүлдені қанжығалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жарысқа әлемнің 83 елінен 415 оқушы қатысқан.

Ерсұлтан Пітебай – Алматы қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» оқушысы;

Алишер Еркебаев – Ақтөбе қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» оқушысы;

Марғұлан Нұрсағатов – Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің оқушысы;

Досжан Бисимби – Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінің оқушысы;

Даир Нұртаев – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;

- Оқушылардың білімі мен дағдылары екі тур бойынша сыналды. Бірінші тур теориялық есептер, екінші тур – эксперименттік. Онда қатысушылар зертханалық жұмыстар жүргізді. Барлық тапсырма қызықты және мазмұнды болды. Олардың шешімі тапқырлық пен рефлексияны қажет етті. Біздің құрама тамаша нәтиже көрсетті, - дейді команданың ғылыми жетекшісі Самат Мақсұтов.

Олимпиадаға қатысқан барлық жылдары қазақстандық оқушылар 114 марапатқа ие болды. Оның ішінде 14 алтын, 45 күміс, 29 қола медаль және 25 құрмет грамотасы бар.