Павлодарлық оқушылар үйде жасауға болатын табиғи майлық ойлап тапты
Бұл майлықты оқушылар балауыздан жасаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектептің оқушылары балауызды пайдалану арқылы қайта пайдалануға болатын майлықтар жобасын облыс басшысы Асайын Байхановтың алдында қорғады.
– Химиялық қоспалар арқылы жасалған түрлі қолданыстағы заттар қоршаған ортаның ластануына үлкен әсерін тигізуде. Осы мәселені басшылыққа ала отырып, араның балауызынан жасалған майлықтарды ұсынудамыз, – дейді Н.Назарбаев зиятакерлік мектебінің оқушысы Дания Артықбаева.
Оның айтуынша, майлықтың жарамдылық мерзімі екі аптаға жетеді. Әрі қарай майлық формасын жоғалтады.
– Майлықтың ерекшеліктерінің бірі оны бірнеше рет қолануға болады. Ең бастысы, майлықты үй жағдайында жасауға болады, – дейді Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Жәния Жексембаева.
Оқушылардың сөзінше, қазіргі қолданыста жүрген ең зиянды пластмассаның бірі – ПВХ (поливинилхлорид). Тіпті, тамақ салуға арналған контейнерлерде ПВХ материалынан жасалады. Демек, химиялық түрмен жасалған өнім тек табиғатқа ғана емес, денсаулыққа да зияны тиері анық.
Мақсат Көлтайұлы