Павлодарлық оқушылар сирек кездесетін жануарлар туралы білімдерін кеңейтті

Орманшылар пайдалы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының бастамасымен «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
Дәріске орман шаруашылығы мамандары мен мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара барысында биологиялық алуантүрліліктің маңызы, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жолдары, табиғи тепе-теңдікті сақтау мәселелері талқыланды.
Оқушылар өз сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Мұндай дәрістер – табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті қалыптастырудың тиімді жолы.