Павлодарлық полицейлер демалыстағы балаларға пайдалы сабақтар өткізді
Олар кәмелетке толмағандарға жеке қауіпсіздік ережелері және электрондық темекіні, вейптерді қолданудың салдары туралы айтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар ауданы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері кезекті рет республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагерінде демалып жатқан балаларға барды.
Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, көшеде, үйде және демалыста қауіпсіздік ережелері, жеке заттарының сақталуына жауапкершілік туралы әңгімелесті.
– Біз балаларға жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мінез-құлықтың негізгі ережелері туралы айттық. Балалар өздерін қаскөйлер тарапынан мүмкін болатын құқыққа қайшы әрекеттерден қалай қорғауға болатынын, жеке қауіпсіздік ережелері туралы, қандай жағдайларда полиция қызметкерлеріне жедел жүгіну қажет екенін, сондай-ақ жасөспірімдерге темекі және синтетикалық есірткіні шегудің зияны, электрондық темекіні, вейптерді қолданудың салдары қандай болуы мүмкін, лудомания дегеніміз не және ол неге қауіпті екенін түсіндірді, – деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Облыс орталығындағы мектептердің балалары тәртіп сақшыларын мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, оларға жауап алды.