Павлодарлық саудагер қарбызды дұрыс таңдаудың әдісімен бөлісті (ВИДЕО)
@Pavlodarnews.kz тілшісі қарбыз таңдау кезінде нені ескеру керек екені жайлы сұрастырып көрді.
Усолка шағын ауданындағы қарбыз сататын саудагерлердің бірі – Руслан Қуантай дәмі тіл үйіретін шырынды қарбызды таңдаудың құпиясымен бөлісті.
– Қарбызды кеспей-ақ піскенін таңдау үшін бірнеше жағдайды ескерген дұрыс. Ең алдымен қарбызды таңдау үшін сыртына назар аударған жөн. Сыртында сары дағы болатын болса, бұл жемістің піскендігін білдіреді. Қарбыздың сыртындағы тыртықтардан қорықпаңыздар. Бұл тыртықтар оның тәттілігін дәлелдейді. Сондай-ақ, қарбыздың «дыбысына» мән бергеніңіз жөн. Себебі, сыртынан тықылдатып көргенде ақырын дыбыс шықса, іші толық екендігі білінеді, – дейді сатушы Руслан Қуантай.
Тағы бір қызықты дерек – қарбыздар да аталық және аналық болып бөлінеді. Мұны қарбыздың сабақтарына қарап айыруға болады.
– Қарбыздар «ұл» және «қыз» болып бөлінеді. Қарбыздың «қыздары» тәтті болса, «ұл қарбыз» шырынды болып келеді. Бірақ қарбыздардың көбі «қыздар» болып келеді, – дейді Руслан Қуантай.
Сатушы бұл жемістердің қарбыздың Отаны болып саналатын Аққулы ауданынан жеткізілгенін атап өтті.
– Біз қарбыздарды Аққулыдан алып келеміз. Көбінесе «Қара ханзада», «Леди», «Каристан» сорттарын егеміз. Тұрғындар Аққулының «Қара ханзадасын» жақсы көреді. Қалған сорттар да қалыс қалмайды, – дейді Руслан Қуантай.
Айта кету керек, қарбыз – ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады, ағзадағы улы заттарды шығарады, қант диабеті мен жүрек ауруына шалдыққандарға ем болады, зат алмасуды жақсартып, теріні жаңартады, бүйрек пен бауырдың жұмысын жеңілдетеді, қан қысымын қалпына келтіреді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram