Павлодарлық шаруалар арзандатылған дизель отынын жеткізетін операторды іріктейді

Павлодарлық шаруалар арзандатылған дизель отынын жеткізетін операторды іріктейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өтінімдер бес күн ішінде қарастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

2025 жылғы көктемгі-дала жұмыстары бойынша облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі операторды іріктеу конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдануда.

Биылғы жылдың көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге өңірде 27,6 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Атап айтқанда, наурызда 6,9 мың тонна, сәуірде 12,4 мың тонна, мамырда 8,3 мың тонна көлемінде белгіленді.

Операторлық қызметтерсіз арзандатылған дизель отынының бір тоннасының құны 276 256 теңге немесе бір литрі үшін 232 теңгені құрайды.

Өтінімдер Астана көшесі, 61 мекенжайы 4-қабат 409 кабинетте қабылданады. Сондай-ақ, құжаттаманы электронды түрде USB флэш-дискісінде ұсыну қажет. Электронды поштаның мекенжайы: kense.dsh@pavlodar.gov.kz

Дизель отынын ресурс ұстаушыдан өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімінің әлеуетті операторы мен өндірушісі ұсыну керек құжаттарды осы сілтеме арқылы көруге болады.