Павлодарлық шаруалар жеңілдетілген микронесие алуға өтінім бере алады

Ауыл тұрғындарына арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Несие ауылдық елді мекендердің қажеттілігі мен әлеуетіне қарай беріледі.
Микронесиенің мерзімі – ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлері үшін 5 жылға дейін, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобалары үшін – 7 жылға дейін. Ең жоғары сомасы – 2 500 айлық есептік көрсеткішке дейін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобалары үшін – 8 000 АЕК-ке дейін.
Мал шаруашылығы бойынша қаржыландырылатын жобалардың саны шектеулі. Сыйақы мөлшерлемесі – 2,5%-дан аспайды. Өтінімдерді қабылдау amanatnesie.kz сайтында жүзеге асырылады.
– Жобаның басымдылығы мен кеңес алу үшін қалалар мен аудандардың кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдеріне хабарласуыңызды сұраймыз, – деді Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасында.
Байланыс телефондары: 32-22-51, 32-22-53, 65-41-11.