Павлодарлық шенеуніктер тұрғындардың сұрақтарына жауап береді
Азаматтарды көшпелі қабылдау екі апта бойы өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 11-24 желтоқсан аралығында Павлодар қаласы әкімінің орынбасарлары және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен азаматтарды көшпелі қабылдау өткiзiледi.
Тұрғындар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстар жолдай алады. Төменде көшпелі қабылдау өткізілетін орындардың тізімімен таныса аласыздар:
11 желтоқсан сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін Теміржолшылар кентінде Центральная көшесі, 68/2 мекенжайындағы №46 орта мектеп;
13 желтоқсан сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін Атамекен кентінде Сарыарқа көшесі, 53/1 мекенжайындағы Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйі;
17 желтоқсан сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Ломов көшесі, 38 мекенжайындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығы, ал сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін Зеленстрой шағын ауданы Ворушин көшесі, 6/2 мекенжайында №37 орта мектебі;
18 желтоқсан сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін Лесозавод шағын ауданы Баян батыр көшесі, 27 мекенжайындағы №30 орта мектебі;
19 желтоқсан сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін Усолка шағын ауданы Майра көшесі, 49/1 мекенжайындағы №25 орта мектебі,
20 желтоқсан сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Торайығыров көшесі 44/1 мекенжайындағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі;
21 желтоқсан сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Н.Назарбаев даңғылы, 41 мекенжайындағы «Артур» сауда үйі;
23 желтоқсан сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін Достық шағын ауданы Қамзин көшесі, 346 мекенжайындағы №21 орта мектебі;
24 желтоқсан сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін Екінші Павлодар шағын ауданы Я. Геринг көшесі, 78 мекенжайындағы технологиялық колледж.