Павлодарлық студент Азия ойындарында қолаға қол жеткізді
Ол Қытайда өткен жекпе-жекте тамаша өнер көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Марғұлан университетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ХІХ Азия ойындары Ханчжоу қаласында өткен.
- Кіл мықтылар бас қосқан сайысқа аталмыш жоғары оқу орнының өнер және спорт жоғары мектебінің ДШжС – 22 тобының студенті Виктория Бутолина қатысты. Қытай мен Жапонияның мықты батутшыларымен өткен қиын жекпе-жекте ол жүлделі үшінші орынды иеленді, - делінген хабарламада.
Викторияны жоғары санатты жаттықтырушы, спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Екатерина Свиридова жаттықтырады. Жаттықтырушының айтуынша, жарыстың ауқымдылығына байланысты ойындардың басталуы оңай болмады. Соңғы секірулер тыныш жағдайда өткен.
Айта кетейік, 19 жастағы Виктория жарысқа қатысушылардың ішіндегі ең жасы болды. Мысалы, Қытай спортшысының жасы 25, Жапониядан келген спортшының жасы 28-де.
- Бұл жетістікке жету үшін спортшыға 14 жыл қажет болды. Виктория 6 жасынан бастап батут гимнастикасымен айналысады. Халықаралық спорт шебері атағы бар. Өткен жылы Болгарияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған Виктория Азиядағы үздік гимнастшылардың қатарына енді, - деп толықтырды баспасөз орталық.
Виктория Португалияда, Италияда, Нидерландыда және т.б. халықаралық турнирлерде бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған. Бүгінде жас спортшының батут гимнастикасынан Қазақстан Республикасының абсолютті чемпионы.
Фото: Университеттің баспасөз орталығы