Павлодарлық студент бочча бойынша ел чемпионатында үздік атанды
ҚР Бочча Федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев оған турнирдің кубогын табыстады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Үш күн бойы Астана, Алматы қалаларынан және Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Абай, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарынан келген 50-ден астам мықты боччистері өзара бақ сынасты. Олар Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының алаңында чемпион атағы үшін күресті. Торайғыров университетінің студенті Александр Курмантаев бочча республикалық турнирінде 48 ұпай жинап, үздік атанды.
– Александр Курмантаев – керемет табандылық пен позитивтің үлгісі. Адам оқудан бөлек спортқа немесе басқа да бастамаларға назар аударуы маңызды болып табылады. Тек осылай ғана біз әр түрлі жақтан дами аламыз, – деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Сонымен қатар, Александр Курмантаев боччадан Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері болып табылады.