Павлодарлық студенттер полицияға желідегі қылмыскерлерді ұстауға көмектеседі

Павлодарлық студенттер полицияға желідегі қылмыскерлерді ұстауға көмектеседі
Фото: облыстық ПД

Олардың міндеттеріне ең көп таралған және ең күрделі қылмыстар бойынша жұмыс кіреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Үздік студенттер Павлодар облысы Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті және Есірткіге қарсы күрес басқармасымен ынтымақтасады.

Бүгінгі таңда бұл интернеттегі алаяқтық, есірткі тарату және әлеуметтік желілер арқылы есірткі сатушыларды тарту. Кибер отряд мүшелері қажетті құрал-жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен қамтамасыз етіледі.

Полицейлер ынтымақтастыққа Ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы мен 10 үздік студентті шақырды. Тәртіп сақшыларының қалай жұмыс істейтінін және қандай міндеттерді шешетінін нақты көрсету үшін кибер отрядқа Жедел басқару орталығына экскурсия жүргізілді. Әңгімелесу барысында полицейлер әлеуетті әріптестеріне алаяқтық жағдайларын азайту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын және болашақ ІТ мамандары қылмыспен күресу технологияларының дамуына нақты қалай әсер ете алатынын егжей-тегжейлі айтып берді.

–  Кибер отрядтың мақсаттарының бірі –  алаяқтыққа қарсы әдістерді кеңінен қолдану, яғни интернеттегі қаржылық операцияларды алаяқтық тұрғысынан күдіктілікке бағалау. Бұл дропперлердің санын азайтып қана қоймайды, сонымен қатар «лас» ақшаны аударуға қатысы бар адамдарды анықтайды, – дейді тәртіп сақшылары. 

Сондай-ақ киберқылмыспен күресу үшін әртүрлі платформаларда орын алған қылмыстарды ашуға үлес қосу үшін ең жақсы және тәжірибелі екі студент таңдалды. Азаматтар күнделікті араласатын OLX, Kolesa, Krisha және тағыда басқа сайттар туралы айтылып отыр. Полицейлердің пікірінше, бұл студенттерге жаңа нәрсені үйрете алады: бағдарламалық қамтамасыз ету немесе қылмыскерлерді анықтау әдістері.