27 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жауады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 метр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыста түнде ауа температура +1...+ 6°C. Күндіз + 9...+ 14°C. Өңірдің солтүстігінде, шығысында жаңбыр күтіледі.
Павлодарда сынап бағанасы түнде +2...+ 4°C, күндіз + 10...+ 12°C көрсетеді. Бұлтты, жауын-шашын болады.